"Атамекен-Агро" АҚ (Қазақстан) KZP01Y10D329 (KATRb2) облигациялары бойынша 6-шы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 11,20 % құрады

03.02.11 17:39
/KASE, 03.02.11/ – "Атамекен-Агро" АҚ (Көкшетау) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZP01Y10D329 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, 1 000 теңге, 11,0 млрд теңге, 04.08.08 – 04.08.18; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) алтыншы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,20 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 04 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,50 % пайызды құраған.