"ЦЕНТР КРЕДИТБАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY07B287 (CCBNB4) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 14-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 10,30 % ҚҰРАДЫ

11.02.11 17:46
/KASE, 11.02.11/ – "Центр КредитБанкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2CKY07B287 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb4; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 24.09.04 – 24.09.11, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) он төртінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10,30 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 24 науызына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,30 % пайызды құраған.