TETHYS PETROLEUM LIMITED КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІК) КУЛ-БАС КЕЛІСІМШАРТЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

08.02.11 18:02
/KASE, 08.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands) 2011 жылдың 07 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы (бұдан әрі – "Тетис" немесе "Компания") (TSX: TPL) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (МГМ) Кул-Бас блогында көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру бойынша жұмыстарды жүргізу келісімшартына ұсынылған өзгерістерді енгізді. МГМ келіскен, енгізілген өзгерістер барлау кезеңін екі жылға, 2013 жылдың 11 қарашасына дейін ұзартады. Қазіргі уақытта аумағы 7632 шаршы метрды құрайтын, Кул-Бас келісімшарттық территориясы Аккулка келісімшарттық территориясын қоршап жатыр. Мұнда компания "Дорис" (АКД-01 ұңғымасы) мұнай кенін анықтаған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш мұнай кенінде бағалау жұмыстары, сондай- ақ жақын учаскілерде барлау жұмыстары жүргізілуде. Кул-Бас блогында көмірсутектік шикізатты барлау және өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге Келісімшарттың бастапқы шарттарында барлаудың 6- жылдық кезеңі және территорияның қайтарылуы және ұзарту мүмкіндігімен өндірудің 19 жылдық кезеңі қарастырылған. Барлау кезеңін екі дылға ұзарту Тетиске аталмыш перспективалық учаскені зерттеуге қосымша уақыт береді. Қазақстандағы Тетистің еншілес компанияларының жетекшісі Гиоргий Мирцхулава: "Мен Мұнай және газ министрлігінің Тетиске барлау жүргізу жұмыстарына қолдау көрсетуін жалғастырып жатқанына қуаныштымын; бұл қазақстандық үкітеметтің өз міндеттерін орындап жатқан мұнай және компанияларына үнемі көмек көрсететінін дәлелдейді", - деп атап айтты. Нақтырақ ақпаратты алу үшін Tethys Petroleum Limited Инвесторламен жұмыс жасау жөніндегі Вице-президенті Сабин Россимен (Sabin Rossi) хабарласуыңызды өтінеміз TD Canada Trust Tower 161 Bay Street, 27th Floor Toronto N5J 2S1 Canada Офисі: +1 416 572 2065 Факсы: +1 416 572 2201 Электрондық мекен-жайы: info@tethyspetroleum.com Вебсайты: www.tethyspetroleum.com Мобильді сайты: http://m.tethyspetroleum.com Азиялық-Тынық мұхит аймағында: Анита Ван (Anita Wan) Quam IR жетекшісінің көмекшісі 3/F Fung House, 19-20 Connaught Road Central, Hong Kong SAR, PRC Қызметтік телефоны/факсы: +(852) 2217 2999 Электрондық мекен-жайы: anita.wan@quamgroup.com