ZHAIKMUNAI FINANCE B.V. (НИДЕРЛАНДЫЛАР КОРОЛЬДІГІ) USN97708AA49, US98951QAA31 (NL_ZHMNE1) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ 24 АҚПАННАН БАСТАП KASE РЕСМИ ТІЗІМІНЕ "РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАУЫ БАР БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР" САНАТЫ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛДІ

24.02.11 17:47
/KASE, 24.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша, "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) толық кепілдігімен шығарылған, Zhaikmunai Finance B.V. (Амерсофт) USN97708AA49, US98951QAA31 халықаралық облигациялары ($450,0 млн; 19.10.10 – 19.10.15, жартыжылдық купон жылдық 10,50 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, "Жайықмұнай" ЖШС-нің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2011 жылдың 28 ақпанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар ұстаушыларының тізілімін жүргізуді Citigroup Global Markets Deutschland AG жүзеге асырады. Аталмыш облигациялар бойынша негізгі төлеуші агент Citibank N.A. (Лондон) болып табылады. Траст агенті Capita Trust Company Limited. Аталмыш облигацияларға NL_ZHMNe1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/nl_zhmn мекен-жайы бойынша жарияланған.