15 АҚПАННАН БАСТАП KASE ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ СЕКТОРЫНДА "ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АКИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ "БРК-ЛИЗИНГ" АҚ KZP01Y05D931 (ISIN – KZ2C00000214, BRKLB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ АШЫЛДЫ

14.02.11 17:47
/KASE, 14.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 15 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақстан Даму Банкі" акионерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана) KZP01Y05D931 облигациялары (ISIN – KZ2C00000214, BRKLb1; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 08.02.11 – 08.02.16; жылдық 8,00 % жартыжылдық купон; 30/360) бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "ИФГ КОНТИНЕНТ" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 30 300 облигация. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 07 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/brkl мекен-жайы бойынша жарияланған.