"РЕСЕЙ ЖИНАҚБАНКІ" АҚ ЕНШІЛЕС БАНКІ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ KZ2C0Y09D820 (TXBNb5) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 1-ШІ КУПОНЫН ТӨЛЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

28.02.11 17:07
/KASE, 28.02.11/ – "Ресей Жинақбанкі" АҚ Еншілес банкі (Алматы) 2011 жылдың 28 ақпанында өзінің KZ2C0Y09D820 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TXBNb5; 1 теңге; 5,0 млрд теңге; 26.08.10 – 26.08.19; жартыжылдық купон жылдық 10,00 %, 30/360) он бірінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 234 500 000,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.