ҚҚА "SAT & COMPANY" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУДІ БЕКІТТІ

23.02.11 17:40
/KASE, 23.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "SAT & Company" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2011 жылдың 03 ақпанындағы ескертпе хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Айтылмыш құжатқа сәйкес: - ҚҚА компания акцияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті; - шығарылым 3 000 000 000 жай акциясы мен 750 000 000 артықшылықты акцияға бөлінді; - акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5462 нөмірі бойынша енгізілді; - 2010 жылдың 04 тамызындағы жағдай бойынша компанияның 1 173 603 294 жай және 106 666 667 артықшылықты акциясы орналастырылды, олардың жарғылық капиталы 17 409 943 337 теңге көлемінде құрастырылды.