/KASE, 02.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2011 жылдың 08 ақпанынан бастап "Қазақстандық
Инновациялық Коммерциялық Банк" АҚ-ның (Қарағанды) акциялардың
мемлекеттіңк пакетінің (АМП) биржада сауда-саттығы ашылады.
АМП "Қазақстандық Инновациялық Коммерциялық Банк" АҚ KZ1C35450010
7 000 жай акциясынан тұратын бөлінбейтін лот ретінде NZ_INBN кодымен
саудаланады.
АМП сауда-саттығы 2011 жылдың 08 ақпанынан бастап 31 желтоқсанына
дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіледі. Сауда-саттық
күн сайын Алматы уақытымен 11:30-дан бастап 17:00-ге дейін өткізілетін
болады.
Кепілдік жарна 7,0 млн теңге көлемінде беклгіленді.
Сауда-саттық бастамашысы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
МАП сауда-саттығы бойынша өкілетті брокер – "CAIFC" компаниясы" АҚ
(Алматы).
Сатып алушылар МАП бағасын қазақстандық теңгемен әр бір акцияға
белгілеп, үтірден кейінгі екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен
көрсетуі тиіс.
Сауда-саттық тәртібі "Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида" атты
KASE ішкі құжаты
http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf
мекен-жайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған.
Сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесулер,
http://www.kase.kz/files/normative_base/gpa_kaz.pdf мекен-жайы бойынша
KASE веб-сайтында жарияланған, "Мемлекеттік акциялардың пакеті. Сауда-
саттыққа жіберу және сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу тәртібі"
атты KASE ішкі құжатының 7 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталмыш құжатқа сәйкес мәміле сомасын, KASE комиссиялық сыйақысын
және алдында аударған (сауда-саттық басталап алдында МАП сатып
алушысы KASE корреспонденттік шотына аударылатын) кепілдік жарнасын
қоспағанда, МАП саутап алушысы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі"
АҚ (Алматы) мәміле жасалған күннен кейін жеті жұмыс күн аралығында
аударуы тиіс.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек KASE
қор нарығынының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар осы заңды тұлғалар
арқылы өтінімдерін береді. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі KASE
веб-сайтында
http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша
жарияланған.
"Қазақстандық Инновациялық Коммерциялық Банк" АҚ KZ1C35450010 (INBN)
жай акциялары "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторына KASE айналысқа
жіберілді.