ВТБ БАНКІ АҚ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ (ҚАЗАҚСТАН) 2011 ЖЫЛДЫҢ 09 АҚПАНЫНДАҒЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ШЕШІМДЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

21.02.11 17:59
/KASE, 21.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банкі АҚ еншілес ұйымы (Қазақстан) (Алматы) биржаға ресми хат жолдап, Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 09 ақпанында мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлады: 1. ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) Басқармасының 2010 жылға бизнес-жоспарды орындау және бизнес-жоспардың 2011 жылға негізгі көрсеткіштері туралы есебі мәліметке алынды. 2. Банктің Комплаенс-бақылаушысы сайланды және оның 2011 жылдың "01" науырызынан 2012 жылдың "29" ақпанына дейінгі өкілеттілігі мерзімі анықталды. 3. 01.07.2009 жылдан бастап 01.12.2010 жылға дейінгі кезеңде Банктің Операциялық басқармасының қызметін тексеру қорытындылары жөніндегі есеп мәліметке алынды. 4. 2011 жылдың 01 маусымынан кешіктірмей ІАҚ анықтаған ескертулерді жою бойынша Жоспарды орындау туралы есепті Банктің Директорлар кеңесінің қарауына ұсыну Банк Басқармасына тапсырылды. 5. Банктің Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы жұмысы туралы есебі мәліметке алынды. 6. Банктің Ішкі аудит қызметі жетекшісінің өкілділігі мерзімі үш жылға, 2011 жылдың 12 ақпанынан 2014 жылдың 11 ақпанына дейін ұзартылды. 7. Екінші деңгейлі банктердің біріне депозиттік (сублимитті ұсыныс) және конверсионды шектелімдер мынадай шарттамен бекітілді: - депозиттік шектелім (сублимиттік ұсыныс): Сомасы: 5 000 000 АҚШ доллары және 750 000 000 теңге, операцияның максималды мерзімі – 1 ай, шектелімнің қолданыста болу мерзімі шешімді қабылдау күнінен бастап 12 ай. - конверсиялық шектелім: Сомасы: 5 000 000 АҚШ доллары және 7 50 000 000 теңге, операцияның максималды мерзімі – 1 ай, шектелімнің қолданыста болу мерзімі шешімді қабылдау күнінен бастап 12 ай. 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Мемлекеттік Мекемесіне шектелім мынадай шарттармен бекітілді: - депозиттік шектелім (сублимиттік ұсыныс): Сомасы: мәміле күніндегі Банктің жеке капиталының көлемінен артық емес, операцияның максималды мерзімі – 12 ай, шектелімнің қолданыста болу мерзімі шешімді қабылдау күнінен бастап 12 ай; - депозиттік шектелім (сублимиттік ностро): Сомасы: мәміле күніндегі Банктің жеке капиталының көлемінен артық емес, операцияның максималды мерзімі – 12 ай, шектелімнің қолданыста болу мерзімі шешімді қабылдау күнінен бастап 12 ай; - конверсиялық шектелім: Сомасы: мәміле күніндегі Банктің жеке капиталының көлемінен артық емес, операцияның максималды мерзімі – 12 ай, шектелімнің қолданыста болу мерзімі шешімді қабылдау күнінен бастап 12 ай. 9. "ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) қарыздық саясаты" жаңа редакцияда қабылданды. 10. "Қылмыстық жолмен алынған табысты легализациялауға және ВТБ Тобында терроризмды қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатында ішкі бақылау саласында шоғырланған басқару концепциясы" Банктің ішкі нормативтік құжаты ретінде бекітілді. 11. Банктің аффилиирленген жеке тұлғасымен Ресей рублі және қазақстандық теңгеде шұғыл банктік салымдардың типтік келісім-шарттарын стандартты шарттармен жасасу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Банк 31.01.2011 жылы Банк Директорлар кеңесінің қабыдаған шешімдеру туралы бұдан бұрын жарияланған ақпаратқа шағын түсініктеме берді, яғни бұрын қызмет атқарған Комплаенс-бақылаушы өз екімен қызметінен босатылды. Жоғарыда баяндалған ақпаратқа байланысты барлық сұрақтар бойынша ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) Корпоративті хатшысы А.Е. Мұстафинге +7 727 330-41-34 телефоны арқылы хабарласуға болады.