"темірбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P00260110 (TEBNp) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеуі туралы хабарлады

01.02.11 16:03
/KASE, 01.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған,"Темірбанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 28 қаңтарында өзінің KZ1P00260110 артықшылықты акциялары бойынша (KASE ресми тізімі, үшінші санат, TEBNp) дивидендтер төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 122 584 500,00 теңгені құрады.