KAZAKHMYS PLC КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІ) ТОВАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛЕСТІҢ АРТҚАНЫН ХАБАРЛАДЫ

18.02.11 16:35
/KASE, 18.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 18 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бүгін Қазақмыс Тобының құрамына кіретін, Екібастұз ГРЭС-і және Майкөбе көмір разрезінің өкілдері отандық кәсіпорындарда Қазақстанның үлесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған Павлодарлық форум жұмысына белсенді қатысты. Форум Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологияларды дамыту министрі Әсет Исекешевтің және "Самрұқ-Қазына ҰӘҚ" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Тимур Күлебаевтің қатысуымен өтті. Форум барысында кәсіпорын жетекшілері 2010 жылы өнімдер мен қызметтердің қазақстандық жабдықтаушыларының үлесі электрстанса шығындарының жалпы сомасынан 59.3% (2009 жылы - 57.5%) және көмір разрезінің жалпы сомасынан 95% (2009 жылы - 86%) құрады. Электрстансасын сатып алуда қазақстандық үлестің болжалмалы үлесі 2011 жылы 60,4%, разрезда 98% құрайды. Екібастұз ГРЭС-1 отандық компаниялармен 2010 жылы жасасқан келісім- шарттарының сомасы 61,9 млрд. теңгені құрады. Олардың 59,5 млрд. теңгесі Павлодар облысына тиесілі. Негізінен отандық өндірушілерден құрылыс, жылуизоляциялық және жанар-жағар материалдар, қондырғыларға арналған қосымша бөліктер, жарылғыш заттар, кабельді-өткізгіш және типографиялыө өнімдер, тігін бұйымдары және т.б. өнімдер мен қызметтер сатып алынады.