03 ақпаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "БЕККЕР и К" ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05D940 (ISIN – KZ2P00000235, BKKRb1) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

03.02.11 17:10
/KASE, 03.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 03 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "БЕККЕР и К" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05D940 облигациялары (ISIN – KZ2P00000235, 1 000 теңге, 8,0 млрд теңге, 02.02.11 – 02.02.16; жартыжылдық купон жылдық 10 %; 30/360) бойынша сауда-саттық ашылды. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда жүйесіндегі баға белгілеу кірістілік мәні бойынша баға белгілеуді беру мүмкіндігінсіз, жинақталған мүддені (таза баға) есебі ескерілмеген бағада жүзеге асырылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "ИФГ КОНТИНЕНТ"АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 3 100 облигация. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/bkkr мекен-жайы бойынша жарияланған.