"АТФБАНК" АҚ "БАТЫС ТРАНЗИТ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2CKY13B996 (BTTRB1) БОЙЫНША 5-ШІ КУПОНЫН УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕУІ БОЙЫНША ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНДЫ

21.02.11 17:44
/KASE, 21.02.11/ – "Батыс транзит" АҚ (Алматы, бұдан ары - Қоғам) инфрақұрылымдық KZ2CKY13B996 облигацияларын (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTTRb1; 100 теңге, 18 830,0 млн теңге; 30.03.06 – 30.03.19; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 7,80 %, 30/360) ұстаушыларының өкілі болып табылатын, "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 18 ақпанында Биржаға ресми хат жолдап, Қоғамның 2010 жылдың төртінші тоқсанындағы қаржылық жағдайын талдау қорытындылары бойынша Қоғамның орналастырылған инфрақұрылымдық облигациялар (ҰСН KZ2CKY13B996) бойынша алдағы 2011 жылдың 30 науырызында жылсайынғы купондық сыйақыны төлеу бойынша ақша қаражатының жетіспеушілігі анықталды. Аталған хаттың қосымшасында берілген "Батыс транзит" АҚ-ның 2011 жылдың 18 ақпанындағы # 113 хатының көшірмесінде былай деп хабарланды. 1. Кезекті купондық сыйақыны төлеу сомасы 1 459 817 млн. теңгені құрайды. Қоғам уақыты төлеудің барлық мүмкін шаралар ұйымдастыруда, осыған орай, мынадай шаралар өткізілуде: - 2011 жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша Қоғам 576 891 мың теңге көлеміндегі соманы жинады; - болжалмалы кассалық ажыратылудан өту үшін Қоғам операциялық қызметтен 300 000 мың теңгені жинауды жоспарлар отыр; - Қоғамның 100 000 сомасына қайта сатып алынған акцияларын жүзеге асыру; - Қоғам акционерлерінен уақытша қаржылық көмек ретінде 500 000 мың теңге көлеміндегі соманы тарту;; 2. Бүгінгі таңда облигациялар бойынша рейтингтерді беру мәселесі Standard & Poor's израильдік бөлімшесіне жіберілді, олар тексеру үшін барлық материалдарды британдық кеңседен алды. Соңғы рейтингілік бағаның берілуі ағымдағы жылдың екінші жартысында күтулуде.