ҚҚА "ХАЛЫҚ - КАЗАХИНСТРАХ" ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ЕНШІЛЕС САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМ АҢДАТПАСЫНА ЕНГІЗГЕН ӨЗГЕРТУЛЕРІ МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРЫН ТІРКЕДІ

16.02.11 15:31
/KASE, 16.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Халық - Казахинстрах" Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан ары - компания), өзінің акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 02 ақпанында тіркеліп, Компанияның Директорлар кеңесінің және Басқармасы құрамына енгізілген өзгертулердің және толықтыруларулардың, жалпы мәліметтердің және компания филиалдары туралы мәліметтердің, сондай-ақ компанияның ұйымдастырушылық құрылымындағы өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгерту KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZIS/kzisf9_izm_2010.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған