"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" ақ (қазақстан) "жалпы сақтандыру" саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны алғаны туралы хабарлады

02.02.11 16:33
/KASE, 02.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми (KASE) тізімінде тұрған, "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан ары - Қоғам) KASE-ге ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. 20.01.2011 жылы Қоғамға "жалпы сақтандыру" саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығын беретін, сақтандырудың еркін формасындағы сақтандырудың қосымша класстары енгізілген, лицензия берілді: 1. Қазақстан Республикасы "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 6 бабы 3 тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген, класстарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру; 2. титулдық сақтандыру.