"ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ "БРК-ЛИЗИНГ" АҚ KZP01Y05D931 (ISIN – KZ2C00000214, BRKLB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ 07 АҚПАННАН БАСТАП KASE РЕСМИ ТІЗІМІНЕ "РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАУЫ БАР БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР" САНАТЫ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛДІ

07.02.11 17:42
/KASE, 07.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ (Астана) KZP01Y05D931 облигациялары (ISIN – KZ2C00000214; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 08.02.11 – 08.02.16; жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2011 жылдың 07 ақпанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар бойынша Эмитенттің қаржы кеңесшісі "ИФГ КОНТИНЕНТ" АҚ болып табылады (Алматы). "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БРК- Лизинг" АҚ тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға BRKLb1 қысқартылған белгі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 7 ақпанда http://www.kase.kz/kz/emitters/show/brkl мекен-жайы бойынша жарияланған.