"СБЕРБАНК РОСCИИ" АҚ ЕНШІЛЕС БАНКІ "СБЕРБАНК ЛИЗИНГ" ЖАҚ ЕНШІЛЕС КӘСІПОРЫННЫҢ "СБЕРБАНК ЛИЗИНГ КАЗАХСТАН" ЖШС-Н ТІРКЕГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

10.02.11 17:03
/KASE, 10.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк Росcии" АҚ Еншілес банкі (Алматы), 2011 жылдың 10 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын KASE-ге ұсынып, былай деп хабарлады. "Сбербанк Лизинг" ЖАҚ "Сбербанк Лизинг Казахстан" ЖШС еншілес ұйымын тіркегені туралы хабарлады. Тіркеу "Сбербанк Лизинг" ЖАҚ халықаралық даму стратегиясын жүзеге асыру аясында ж.зеге асырылыд. "Сбербанк Лизинг" ЖАҚ еншілес компанияның жалғыз құрылтайшысы "Сбербанк Лизинг" ЖАҚ болып табылады. "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқармасы төрағасы Олег Смирнов: "Қазақстанның қаржы нарығы үлкен потенциалға ие, мұны "Сбербанк" АҚ ЕБ-нің бес жыл қатарынан Республикадағы сәтті жұмысы дәлелдейді. Сбербанктің басқа еншілес компанияларының бұл әлеуеттік алаңға шығуы тек уақыттың еншісінде. "Сбербанк Лизинг Казахстан" ЖШС еншілес кәсіпорнының пайда болуының және біздің бірлескен ынтымағымыздың арқасында қазақстандық компаниялардың заманауи, сапалы, қаржылық қызмет көрсетудің жаңа спектріне қол жеткізетініне өте қуаныштымын" - деді. Компания саудасының әлеуетті бағыттары телекоммуникация, энергетика, мұнай және химилық өнеркәсіп, әуе көлігі сияқты капиталы сыйымды салалары болып табылады. Сондай-ақ компания инновациялық және құрылымды өнімдерді нарыққа ұсынуға дайын.