"ЦентрКредит Банкі" ақ (қазақстан) жай акцияларға айырбасталатын, өзінің KZ1P36280116 артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлады

01.02.11 15:20
/KASE, 01.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы, бұдан ары цитатада - Банк) Қазақстан қор биржасына ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. цитата басы ... 2010 жылдың 20 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 қаңтарына дейін Банк, 2010 жылдың 01 желтоқсанындағы жағдай бойынша акциялар иелерінің тізілімі жүйесінде тіркелген, аталған бағалы қағаздар иелеріне Банктің жай акцияларына (ҰСН KZ1P36280116) айырбасталатын, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленді. Банктің жай акциясына айырбасталатын, артықшылықты акцияға есептеу жүргізгенде дивиденд мөлшері 0,01 (нөл бүтін, жүзден бір) теңгені құрады. Дивидендтер толық көлемде төленді. Төленген дивидендтердің жалпы сомасы, табыс салығын есептегенде, 392 492 (үш жүз тоқсан екі мың төрт жүз тоқсан екі) теңге 55 тиынды құрады. цитата соңы