"БТА БАНК" АҚ (КАЗАХСТАН) ЛЮКСЕМБУРГ ҚОР БИРЖАСЫНДА ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ АЯСЫНДА ШЫҒАРЫЛҒАН ОБЛИГАЦИЯЛАР МЕН ҒАЛАМИ ДЕПОЗИТАРЛЫҚ ҚОЛХАТТАРДЫҢ ЛИСТИНГІ ПРОЦЕДУРАСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ

24.02.11 17:06
/KASE, 24.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 24 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы БТА Банкі (бұдан кейін – Банк) қаржылық міндеттерін қайта құрылымдау аясында шығарылған Жаңа Облигациялар листингісінің рәсімін сәтті аяқтады. Сонымен, 2010 жылдың 27 желтоқсанында Банктің теңгеге деноминацияланған Жаңа Облигациялары Қазақстан Қор биржасының (KASE) листингісіне қосылған болатын. Өз кезегінде Ғалами Депозитарлық қолхаттар (ҒДҚ) және Банктің деноминацияланған шетел валютасындағы Жаңа Облигациялары 2011 жылдың 22 ақпанында Люксенбург Қор биржасының (Luxembourg Stock Exchange – LuxSE) листингісіне және 2011 жылдың 23 ақпанынан бастап LuxSE – Euro MTF Market мамандандырылған алаңында сауда-саттыққа қабылданды. Банктің деноминацияланған шетел валютасындағы Жаңа Облигацияларының құрамына: - 2018 жылға дейінгі өтеу мерзі бар 2 082 371 783 АҚШ доллар сомасын құрайтын Үлкен облигациялар - 2021 жылға дейінгі өтеу мерзімі бар 384 848 130 АҚШ доллар сомасын құрайтын (OID) дисконтты арнайы борыштық Жабдықтар - 2021 жылға дейінгі өтеу мерзімі бар 437 110 856 еуро сомасын құрайтын (OID) дисконтты арнайы борыштық Жабдықтар - 2025 жылға дейінгі өтеу мерзімі бар 496 631 368 АҚШ доллар сомасын құрайтын 7,2%-дық Реттелген облигациялар - 2025 жылға дейінгі өтеу мерзімі бар 28 237 359 еуро сомасын құрайтын 6,75%-дық Реттелген облигациялар - 5 221 494 216 АҚШ доллар сомасын құрайтын Қалпына келтіру үшін облигациялар сияқты жаңа бағалы қағаздар енді. Euro MTF Market LuxSE-на айналуға тағайындалған бағалы қағаздар листингісінің бағдарламасы Банктің ресми веб-сайтында, Люксенбург қор биржасының сайтында жарияланған. БАҚ байланыс телефондары: Контакты для СМИ: тел. +7 727 312 24 26, 261 89 28 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz цитата соңы