"RG BRANDS" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ KZPC1Y05B980 (RGBRB4) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 9-ШЫ КУПОНЫН ТӨЛЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
11.02.11 16:16
/KASE, 11.02.11/ – "RG Brands" АҚ (Алматы) өзінің KZPC1Y05B980
облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, RGBRb4;
1 теңге, 1,5 млрд теңге; 07.08.06 – 07.08.11; жартыжылдық купон
жылдық 8,00 %, 30/360) тоғызыншы купондық сыйақысын төлеуі туралы
Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
60 000 000,00 теңгені құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.