"Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Қазақстан) KZP06Y10C593 (HSBKb17) облигациялары айналыста болмағандықтан, олар бойынша 3-ші купонын төлемегені туралы хабарлады

01.02.11 14:59
/KASE, 01.02.11/ – "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) өзінің KZP06Y10C593 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, HSBKb17; 10 000 теңге; 15,0 млрд теңге; 29.07.09 – 29.07.19, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) үшінші купондық сыйақысын олардың айналыста болмауы себебімен төлемегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.