"ҚАЗАҚСТАН ҚАҒАЗЫ" АҚ "PARAGON DEVELOPMENTS" ЖШС ЖӘНЕ "AVON COSMETICS (KAZAKHSTAN)" ЖШС АРАСЫНДА ҚОЙМАЛЫҚ ЖЕРЛЕРДІ БЕРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
09.02.11 14:39
/KASE, 09.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.) 2011
жылдың 09 ақпанындағы баспасөз хабарламасын биржаға ұсынып, былай
деп хабарлады.
"Қазақстан Қағазы" АҚ (Бұдан ары - "Компания"/"Топ") "Астана-Контракт"
АҚ еншілес компаниясы "Paragon Developments" ЖШС және "Avon Cosmetics
(Kazakhstan)" ЖШС арасында 5 жылдық мерзіммен, Алматы қаласында
орналасқан А кластағы қоймаларда жалпы көлемі 5 000 шаршы метр
қоймалық жерлерді беру туралы келісім-шартқа қол қойылғандығын
хабарлайды.
"Avon Cosmetics (Kazakhstan)" компаниясы алып жатқан, қоймалық
жерлердің көлемі А кластағы жалпы көлемнің 10% құрайды. Сонымен,
Avon компаниясымен келісім-шарт жасасу бойынша А кластағы
қоймаларды толтыру 61% құрады, 2010 жылдың басында 23% болатын.
Бұған қоса, 2010 жылы Paragon жаңа клиенттермен жұмыс жасады. Атап
айтқанда, Mitsubishi Motors-тың Қазақстандағы ресми дистрибьютері
болып табылатын, "Rycom-Kaz" ЖШС, сондай-ақ Wrigley Kazakhstan
компаниясы. Аталған екі компания компании Wrigley Kazakhstan
ұсынған қызметтерді пайдаланады.