KAZAKHMYS PLC КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІК) КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАҢАРТЫП, ГОНКОНГ ҚОР БИРЖАСЫНДА ЫҚТИМАЛ ЛИСТИНГ ЖАЙЛЫ ХАБАРЛАДЫ

14.02.11 16:48
/KASE, 14.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 14 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы 2010 жылғы 5 қазан күні Қазақмыс Тобы, Директорлар Кеңесінің Төрағасы Ким Владимир Сергеевичтің, Топтағы акцияларының 11 пайызын сатқандығы туралы, соның нəтижесінде үлесі 38.9 пайыздан 27.9 пайызға қысқарғандығы жайлы хабарлаған болатын. Сонымен қатар, хабарламада Владимир Кимнің 2011 жылы болуы ықтимал Гонконг қор биржасындағы екінші листинг кезінде өтімділікті қамтамасыз ету үшін қосымша 4 пайызды ұсыну ниеті бар екендігі туралы айтылған. Сөйтіп, Ким мырза Директорлар Кеңесіне өзінің қазіргі акциялар пакетін толық көлемде сақтап қалуды ұйғарғандығы жайлы хабарлады. Владимир Кимнің компаниядағы (27.9 пайыз) үлесі 2011 жылдың қазан айына дейін шектелетін болады. Топ, Қытаймен арадағы берік ынтымақтастықтарын жалғастыра беруге ынталы əрі Гонконгтегі сəтті өтетін листинг олардың одан əрі өркендей түсуіне септігін тигізбек деп топшылайды. Осылайша, Қазақмыс өтімділікті қолдау үшін жаңа акцияларын орналастырудағы ықтималдылықпен Гонконг қор биржасында екінші листинг өткізудің қарастырылуын жалғастырып отыр. Қазақмыстың мықты балансын ескере отырып, басынан бері көзделген ұсыным мөлшерінің қысқаруы болжануда. Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: Қазақмыс Тобы Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел:+44 20 7901 7882 Айрин Бэртон Қаржы талдаушысы Тел:+44 20 7901 7814 Зүлфира Мұхамедиярова БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі аға менеджері Teл: +77 27 2440 353 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: +44 20 7726 8400 цитата соңы