"ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ ЖҮЙЕСІНІҢ 2011 ЖЫЛДЫҢ 10 АҚПАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ҮЗІНДІ КӨШІРМЕСІН KASE-ГЕ ҰСЫНДЫ
16.02.11 12:57
/KASE, 16.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2011 жылдың
16 ақпандағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздардың тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C33970019 жай акцияларының жалпы саны
369 333 дана, KZ1P33970115 артықшылықты акцияларының жалпы саны
25 200 дана
- компанияның 166 200 жай акциясы және барлық артықшылықты акциясы
орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
С.К. Толукбаев.