03 НАУРЫЗДА KAZAKHMYS PLC (БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІ) 2010 ЖЫЛҒА ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАЙДЫ

28.02.11 15:05
/KASE, 28.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 25 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Қазақмыс ПЛС 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған, өзінің бір жылдық іскери қызметінің нәтижелерін бейсенбі, 2011 жылдың 3 наурызында таңғы сағат 7.00-де (Лондон уақытымен) жариялайды. Іскери қызметінің нәтижелерінде Қазақмыс Тобының басқаруындағы бөлімшелердің өндірістік қызметінің қорытындылары және қызметінің қаржылық нәтижелері көрсетілген, алайда оған акциялар пакетінің 26% Қазақмысқа тиесілі ENRC PLC түскен табыстар енгізілмеген. Жоспарланғандай, ENRC PLC өз қызметінің жылдық нәтижелерін сәрсенбі, 2011 жылдың 23 науырызында жариялайды, бұдан кейін бейсенбі, 2011 жылдың 29 науырызында Қазақмсы ПЛС Іскери қызметінің алдын ала шоғырланған нәтижелерін жариялайды, оған үлестік қатысу әдісі бойынша есептелген ENRC PLC түскен табыс кіреді. Сарапшылар үшін презентация бейсенбі, 2011 жылдың 3 науырызында таңертеңгілік сағат 9.00-де (Лондон уақытымен) J.P. Morgan, 60 Victoria Embankment, London EC4Y 0JP мекен-жайы бойынша өтеді. Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_250211.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_250211_.pdf – ағылшын тілінде.