"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ" АҚ ҚЫТАЙДЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ-ИМПОРТТЫҚ БАНКІМЕН ЖЕКЕ НЕСИЕЛІК КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ

25.02.11 13:05
/KASE, 25.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), Биржаға баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп мәлімдеді. 2011 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Бейжин қаласына, ҚХР, мемлекеттік іс-сапары барысында "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ екі ел басшыларының көзінше Қытайдың Экспорттық-Импорттық Банкімен Жеке Несиелік келісім жасасты. Аталмыш келісімге сәйкес Қытайдың Экспорттық-Импорттық Банкі "Kazakhstan Petrochemical Inc." ЖШС-нің "Бірінші интеграцияланған газды-химиялық кешеннің және инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің құрылысы – Бірінші фаза" инвестициялық жобасын қаржыланжыру мақсатында Қазақстанның Даму Банкіне 1 380 400 000 АҚШ долларына қарыз беруді көздеп отыр. Аталмыш құжат отын-энергетикалық салада ынтымақтасық үшін 2009 жылдың 01 тамызында жасалған бес миллиард АҚШ доллары көлемінде Бас Келісімнің нәтижесі болып табылады және оған Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – Қазақстан Даму Банкі Басқармасының Мүшесі Нұрлан Құсайынов және Экспорттық- Импорттық Банктің Вице-Президенті Су Жонг қол қойды. Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_220211.pdf мекен жайы бойынша танысуға болады.