"ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ ӨЗГЕРГЕНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

10.02.11 14:58
/KASE, 10.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен құсфабрикасы" АҚ (Шығыс-Қазақстан обл.) KASE-ге ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. 2011 жылдың "03" ақпанында компания акционері Толықпаев Серік Құлымбекұлы Можаев Бауыржан Әнуарбекұлынан мынадай көлемде "Өскемен құсфабрикасы" АҚ акцияларын сатып алды: - 41 550 (қырық бір мың бес жүз елу) жай акция, бұл орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 25 % құрайды; - 6 300 (алты мың үш жүз) артықшылықты акция, бұл орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы санынан 25 % құрайды. Аталмыш мәміленің нәтижесінде Толықпаев Серік Құлымбекұлы "Өскемен құсфабрикасы" АҚ-ның жалғыз акционері атанды.