БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕС KASE 2011-2013 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН БЕКІТТІ

28.02.11 13:41
/KASE, 28.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 2011 жылдың 24 ақпанында KASE 2011-2013 жылдарға арналған даму стратегиясын (Стратегия) бекітті. Стратегияда KASE дамуының екі негізгі бағыты анықталды: - Биржалық нарықтың және Биржа айналымындағы бағалы қағаздар өтімділігінің капитализациясын арттыру, Биржа ұсынатын қызметтер мен сатылатын қаржы құралдарының тізімін кеңейту. - Биржа брендін күшейту мақсатында Биржа қызметінің барлық салаларында халықаралық стандарттарды енгізу, оның акцияларының құнын арттыру және Биржаның халықаралық деңгейде мойындалуына қол жеткізу. Биржа өз дауымының аталған стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру мақсатында төменде келтірілген негізгі міндеттерді өз алдына қояды: - листингілік компаниялар тізімін кеңейту; - инвесторлық базаны арттыру; - сатылатын құралдар тізімін кеңейту және олардың өтімділігін арттыру; - Биржалық нарықтың айқындылығын арттыру; - инвесторлар мүдделерін қорғау деңгейін арттыру; - технологиялық даму; - халықаралық ынтымақтастық; - корпоративті құрылымды және басқаруды жетілдіру. Стратегия KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/strategy/11_02_24_strategy_kase_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.