"Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ PCI DSS төлем карточкалары индустриясындағы мәліметтер қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттар талабына оның сәйкестігінің расталғандығын хабарлады

17.02.11 16:39
/KASE, 17.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ 2011 жылдың 15 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді: цитата басы Халық Банкі қазақстандық ірі коммерциялық банктердің арасында бірінші болып PCI DSS (Payment Card Industry Data Security Standard) төлем карточкаларын шығару өндірісіндегі мәліметтер қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттар талабына сәйкестігін растады. Сөйтіп, Банк өзінің төлем карточкаларын өңдеу саласының, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік регламенттері мен рәсімдерінің сенімділігі жоғары деңгейде екендігін дәлелдеді. Халық Банкі VISA International, MasterCard Worldwide, China UnionPay халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады және қазақстандық төлем карточкалар нарығында бұрынғысынша көш бастаушы болып келеді. Банкте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. PCI DSS стандарттары - бұл PCI SSC (Payment Card Industry Security Standards Council ) төлем карточкалары өндірісінің Қауіпсіздік жөніндегі кеңесі белгілеген халықаралаық дәрежедегі қауіпсіздік стандарты. Аталған стандарттар төлем карточкалары саласындағы қызметпен айналысатын ұйымдар үшін жасалған және төлем карточкаларының иелері туралы мәліметтерді сақтау, өңдеу және беру процесіне қатаң бақылау жасау арқылы карточкаларға қатысты алаяқтық операцияларға жол бермеуді көздейді. Банктің PCI DSS стандарттарына сәйкес келуі деген сөз - Халық банкінің төлем карточкасын иеленушілердің, сондай-ақ Банк терминалдарын пайдалану арқылы еліміздің сауда кәсіпорындарында қолма-қол ақшасыз транзакциялар жүргізетін клиенттердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындығымызды және алаяқтық операциялар тәуекелінің деңгейін барынша азайта алатындығымызды білдіреді, - деп атап көрсетті Банк Басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова. Банктің ақпараттық инфрақұрылымын PCI DSS стандарттарының талаптарына сәйкестікке келтіру және аудитке дайындалу жобасы бірнеше кезеңнен құралды, оның барысында стандарт талаптарына сәйкестікке алдын ала баға берілді, табылған кемшіліктерді жою және талаптарды орындау бойынша жұмыс жүргізілді және PCI DSS стандарттарының талабына сәйкестікке соңғы аудит жасалды. Төлем карточкалары индустриясының Қауіпсіздік жөніндегі кеңесі белгілейтін критерийлерге сәйкес Халық Банкі төлем карточкаларын шығару өндірісіндегі ірі ұйым болып табылатындықтан, Банктің PCI DSS стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізуді тәуелсіз компания, басқаша айтқанда, Қауіпсіздік жөнінде сертификаты бар косультант - QSA (Qualified Security Assessor ) іске асырды. Жүргізілген бағалау нәтижесіне сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на ATM Processing және Authorization (Clearing & Settlement, POS Payment Processing, Process Magnetic-Stripe Transactions) санаты бойынша PCI DSS стандарттарына сәйкестігі туралы есеп тапсырылды, осылайша, Халық банкі PCI DSS талаптарына сәйкес келетін төлем жүйесіне қатысушылар тізіліміне енгізілді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Баспасөз қызметі тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz цитата соңы