KASE БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛІК ТУРАЛЫ ҚАҒИДАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ТҮЗЕТУЛЕРДІ БЕКІТТІ

25.02.11 12:14
/KASE, 25.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 24 ақпанындағы шешімімен "Мүшелік туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 16 толықтыруларды (түзетулерді) бекітілді. Түзетулер Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің келісімі үшін жіберіліп, аталмыш агенттіктің келісімі берілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін болады. Түзетулер арқылы сауда-саттықтарға қатысуға жаңадан рұқсаттама алған және сауда-саттықтарға қатысудан шығарылған KASE тиісінше мүшелеріне айсайынғы мүшелік жарналарды төлеуді бастау және босату тәртібі реттелді. Қағиданың жаңартылған мәтіні ҚҚА келісімінен кейін KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/members_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланатын болады.