KAZAKHMYS PLC КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІ) ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-1 СТАНЦИЯСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРЫНДАУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

17.02.11 16:19
/KASE, 17.02.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 17 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді: цитата басы Бүгін, "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-не Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі – Премьер Министрдің орынбасары Əсет Өрентайұлы Исекешев сапармен келді. Жұмыс сапарының барысында станция басшылығы мөлшері 220,4 млрд.теңгеге шақталған инвестициялық көпжылдық бағдарламаның жүзеге асырылуы барысы туралы мəлімет берді. Бағдарлама, жұмыс істемей тұрған үш энергоблокты қалпына келтіруді, сегіз электр сүзгісін орнатуды, жұмыс істеп тұрған бес энергоблоктың жəне жалпыстанциялық жабдықтардың капиталдық жөндеулері мен модернизациялануын көздеп отыр. Кəсіпорын басшылары 2010 жылдың басынан бері жалпы инвестициялық бағдарламаның орындалуы жеделдетілгендігін жеткізді. Бұған септігін тигізген: электр энергиясына шекті тарифтердің енгізілуі, өндірістік тұтынушылар тарапынан сұраныстың қалпына келуі мен станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жақсарғандығы. Өткен жылы станцияның өндірістік көрсеткіштері орташаблоктық жүктеменің артуы, елеулі жөндеу жұмыстарының өткізілуі мен жабдықтардың жұмысының оңтайландырылуы есебінен жақсара түсті. Осылайша, 2010 жылдың соңында электр станциясының №5 энергоблогында бірінші жоғары тиімділікті электр сүзгісі орнатылды. Осы жылдың 4-ші тоқсанында №6 энергоблоққа екінші электр сүзгісін орнату жоспарланды. Бір электр сүзгісінің жалпы құны 2 млрд. астам теңгені құрап отыр. 2012 жылы №8 энергоблокты электр сүзгісімен бірге пайдалануға беру жоспарлануда. Энергоблокты қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға 400 адамнан тұратын 10 мердігер ұйым қатысуда. Қазіргі сəтте жоба 50 пайызға қаржыландырылып отыр. 12,8 млрд.теңге сомасындағы құрылыс- монтаждау жұмыстарына 70-тен астам шарт жасалды. Жоспарланған мерзімінен бір жыл бұрын №2 энергоблоктағы жұмыстар қатар басталды, ол, энергоблоктың жеделдетілген кесте бойынша пайдалануға берілуіне мүмкіндік туғызады. Жобаның жалпы құны шамамен 61 млрд. теңгені құрайды. 2010 жылдың соңында, 20 млрд.теңгеден астам сомаға турбогенератор мен турбогенератордың, қазандық агрегатының негізгі жабдықтарын жеткізуге шарттар жасалып, тендерлер өткізілді. Электр станциясында əрбір қосымша энергоблоктың іске қосылуымен қатар, электр станциясында қосымша тағы 25 тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады. Оның үстіне, электр станциясында қазандық, турбиналық жəне отын-көлік цехтарында құрылыстық жəне жөндеу, монтаждау, демонтаждау жұмыстары жалғасуда. Нақты алғанда, жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемінен 23 пайызы орындалды. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқармасының Төрағасы Эдуард Огайдың сөзі: "Екібастұз ГРЭС-1 ұзақ уақыт бойы тұрақты да жағымды өндірістік жəне қаржылық нəтижелерін байқатып келеді. Біз, Қазақстан энергетикасының Флагманы қосымша қуаттылықтарды дер кезінде пайдалануға беріп, елдегі электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыра алатындығына сенімдіміз". Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: Қазақмыс Тобы Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел:+44 20 7901 7882 Айрин Бэртон Қаржы талдаушысы Тел:+44 20 7901 7814 Зүлфира Мұхамедиярова БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі аға менеджері Teл: +77 27 2440 353 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: +44 20 7726 8400 цитата соңы