2011 ЖЫЛДЫҢ 31 НАУЫРЫЗЫНДА "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ (КАЗАХСТАН) АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

11.02.11 13:54
/KASE, 11.02.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк), 2011 жылдың 31 науырызында сағат 11:00 компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компания Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату; - компания Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Қабанбай батыр көш., 17, мәжіліс-залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 10:00-ден 10:45-ке дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 28 ақпанындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 01 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен 2011 жылдың 02 науырызынан бастап Астана қ., Қабанбай батыр көш., 17, 12-ші қабат, 1207 бөлме мекен-жайы бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін, сондай-ақ www.kmgep.kz сайтында таныса алады.