"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ-НЫҢ БАНКТІҢ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН ИЕЛЕНУ ҮЛЕСІ 23,83 % АРТҚАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

08.02.11 13:29
/KASE, 08.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 07 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "Казкоммерцбанк" АҚ өз акционерлері – банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 23,72% үлесі бар "Орта-Азиялық инвестициялық компаниясы" АҚ және банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 0,11% үлесі бар, жалғыз акционері "Орта-Азиялық инвестициялық компаниясы" АҚ (ОАИК) болып табылатын, "Ақ Жалын" АҚ, "Ақ Жалын" АҚ-н ОАИК-ке қосу арқылы, қайта ұйымдастыруды жүзеге асырды. Қайта ұйымдастырудың нәтижесінде банк капиталындағы ОАИК үлесі біршама өзгерді: - тікелей үлесі ұлғайып, орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 23,83% құрады; - жанама үлесі азайып, орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 7,23% құрады ("Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-нан ОАИК-ке сенімгерлік басқаруға берілген акциялар). Банк капиталындағы ОАИК жалпы үлесі (тікелей және жанама) өзгеріссіз қалып, орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 31,06% құрады. "Ақ Жалын" АҚ-н ОАИК-ке қосу банкты бақылауда ешқандай да өзгерістерге әкеліп соқтырған жоқ және басқа ірі акционерлердің – Н.С. Субханбердин мырзаның, "Alnair Capital Holding" АҚ-ның, "Самрұқ-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның, Еуропаның Қайта Құрылымдау және Даму Банкінің үлестеріне әсерін тигізбеді. ОАИК қазақтандық холдингілік компнаия болып табылады, ол арқылы банктің топ-менеджменті оның акцияларына иелік етеді. ОАИК акционерлері Н.С. Субханбердин мырза, Банк Директорлар Кеңесінің төрағасы (ОАИК үлесі 87,21%) және Н.А. Жүсіпова банк Басқармасының төрайымы (ОАИК үлесі 12,79%) болып табылады. Байланыс үшін: Алма Бұйрақұлова, Инвесторлармен байланыс жасау бөлімі Тел.: +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz Лариса Коковинец, Бұқарамен байланыс Департаментінің директоры Тел.: +7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz Merlin +44 20 7726 8400 Мария Бабкина +44 75 0102 8059