"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ-НЫҢ БАНКТІҢ ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫН ИЕЛЕНУ ҮЛЕСІ 23,83 % АРТҚАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
08.02.11 13:29
/KASE, 08.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 07
ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады.
"Казкоммерцбанк" АҚ өз акционерлері – банктің орналастырылған
жай акцияларының жалпы санынан 23,72% үлесі бар "Орта-Азиялық
инвестициялық компаниясы" АҚ және банктің орналастырылған жай
акцияларының жалпы санынан 0,11% үлесі бар, жалғыз акционері
"Орта-Азиялық инвестициялық компаниясы" АҚ (ОАИК) болып
табылатын, "Ақ Жалын" АҚ, "Ақ Жалын" АҚ-н ОАИК-ке қосу арқылы,
қайта ұйымдастыруды жүзеге асырды.
Қайта ұйымдастырудың нәтижесінде банк капиталындағы ОАИК үлесі
біршама өзгерді:
- тікелей үлесі ұлғайып, орналастырылған жай акциялардың жалпы
санынан 23,83% құрады;
- жанама үлесі азайып, орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан
7,23% құрады ("Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-нан ОАИК-ке
сенімгерлік басқаруға берілген акциялар).
Банк капиталындағы ОАИК жалпы үлесі (тікелей және жанама) өзгеріссіз
қалып, орналастырылған жай акциялардың жалпы санынан 31,06% құрады.
"Ақ Жалын" АҚ-н ОАИК-ке қосу банкты бақылауда ешқандай да өзгерістерге
әкеліп соқтырған жоқ және басқа ірі акционерлердің – Н.С. Субханбердин
мырзаның, "Alnair Capital Holding" АҚ-ның, "Самрұқ-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның,
Еуропаның Қайта Құрылымдау және Даму Банкінің үлестеріне әсерін
тигізбеді.
ОАИК қазақтандық холдингілік компнаия болып табылады, ол арқылы банктің
топ-менеджменті оның акцияларына иелік етеді. ОАИК акционерлері Н.С.
Субханбердин мырза, Банк Директорлар Кеңесінің төрағасы (ОАИК үлесі
87,21%) және Н.А. Жүсіпова банк Басқармасының төрайымы (ОАИК үлесі
12,79%) болып табылады.
Байланыс үшін:
Алма Бұйрақұлова, Инвесторлармен байланыс жасау бөлімі
Тел.: +7 (727) 258-51-25, E-mail: investor_relations@kkb.kz
Лариса Коковинец, Бұқарамен байланыс Департаментінің директоры
Тел.: +7 (727) 258-54-56, E-mail: pr@kkb.kz
Merlin +44 20 7726 8400
Мария Бабкина +44 75 0102 8059