KASE АКЦИЯЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫ АЯҚТАДЫ, НӘТИЖЕСІНДЕ БИРЖАНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ 517,3 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН 2,6 ЕСЕГЕ ӨСТІ

28.02.11 12:56
/KASE, 28.02.11/ – Бұрын хабарланғандай, 2010 жылдың 28 қазанында Қазақстан қор биржасы (KASE) бір акцияға 3 707,00 теңге бойынша KASE- нің 85 000 жай акциясын акционерлер арасында орналастыру арқылы биржаның жарғылық капиталын 315 095 000 теңгеге мынадай мақсаттарда ұлғайту туралы шешім қабылдады: - Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің нормативтік талаптарының жарғылық капиталдың минималды мөлшеріне сәйкес болуы, - мерзімдік нарықта жеке сақтық қорларын Т+3 сызбасы бойынша есептесулерді жүзеге асыру үшін құру, - негізгі құралдарды сатып алу. 2011 жылдың 16 ақпанында аяқталған орналастырудың нәтижелері бойынша биржаның жарғылық капиталы 517,3 млн теңгеге дейін 2,6 есеге өсті. Қазіргі уақытта биржаның орналастырған жай акцияларының саны 544 999 дана, акционерлер саны 63. Биржаның ең ірі акционері "АӨҚО" АҚ, орналастыру қорытындылары бойынша оның үлесі 12,27-ден 13,75 %-ға дейін өсті, және "Сентрас Капитал" ЖШС, оның үлесі 8,01-ден 8,33 %-ға дейін өсті, болып табылады. Биржа акционерлерінің құрамы жайлы нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/shareholders бойынша жарияланған.