KASE БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСІ РЕПО ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ТҮЗЕТУЛЕРДІ БЕКІТТІ

25.02.11 12:28
/KASE, 25.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 24 ақпанындағы шешімімен "Репо операцияларын жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 17 өзгерістер мен түзетулерді бекітілді. Түзетулер Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) келісімі үшін жіберіліп, "Толық қамтылумен Т+0 есептесу схемасы бойынша бағалы қағаздармен сауда-саттық өткізу қорытындылары бойынша есепесу регламенті" атты KASE ішкі құжатының қолданысқа енгізілуімен қатар, KASE Басқармасының шешімімен қолданысқа енгізілетін болады. Түзетулерде: Поправками предусмотрено следующее: - репоны жабу мәмілелері бойынша есептесулер, Растау жүйесінің қолданушысы тарапынан бақыланатын, шоттар бойынша жүзеге асырылған жағдайда, мұндай мәмілелердің орындалуына дайындықты растау үшін Растау жүйесінің қолданушысы тарапынан ғана растау қолданылады; - репоны жабу мәмілесін орындауға дайындығы туралы хабарламаны Растау жүйесінің қолданушысы аталмыш мәміл орындалған сауда сессиясының аяқталуына кемінде 90 минут қалғанда жіберуі тиіс. Ережелердің жаңартылған мәтіні ҚҚА келісімінен кейін KASE веб-сайтында жарияланатын болады.