"НҰРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) XS0269698246 (NRBNE2) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ 11 АҚПАННАН БАСТАП KASE РЕСМИ ТІЗІМІНЕ "РЕЙТИНГІЛІК БАҒАЛАУЫ БАР БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР" САНАТЫ БОЙЫНША ЕНГІЗІЛДІ

11.02.11 12:43
/KASE, 01.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Нұрбанк" АҚ (Алматы) XS0269698246 ($150,0 млн; 17.10.06 – 17.10.11, жылдық 9,375 % жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағының 2 Тармақшасында және 2 тармағында белгіленген шарттарды орындауына байланысты 2011 жылдың 11 ақпанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Айтылмыш облигацияларды ұстаушыларының тізілім жүйесін The Bank of New York жүргізеді Аталмыш облигацияларға NRBNe2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/nrbn мекен-жайы бойынша жарияланған.