KASE БИРЖАЛЫҚ КЕҢЕСІ МЕРЗІМДІК НАРЫҚТЫҢ САҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚАҒИДАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРТУДІ БЕКІТТІ

25.02.11 12:08
/KASE, 25.02.11/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 24 ақпанындағы шешімімен "Мерзімдік нарықтың сақтық және кепілдік қорлары туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген # 2 өзгерісті бекітілді. Өзгерту Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің келісімі үшін жіберіліп, аталмыш агенттіктің келісімі берілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін болады. Өзгертуде KASE сақтық қорының қаражаты оның банк шоттарында сақталуы тиіс екендігі қарастырылған. Қағиданың жаңартылған мәтіні ҚҚА келісімінен кейін KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/funds_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланатын болады.