"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC2Y08B644 (BTAIb8) облигациялары бойынша 11-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

24.02.11 11:49
/KASE, 24.02.11/ – "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 22 ақпанында өзінің KZPC2Y08B644 ипоткалық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатасы, BTAIb8; 100 теңге, 7,0 млрд теңге, 22.08.05 – 22.08.13; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы есептік кезеңге жылдық 7,20 %, 30/360) он бірінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 172 127 484,00 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.