"АТФБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZPC2Y07B596 (ATFBB6) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 5-ШІ КУПОНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ – ЖЫЛДЫҚ 8,80 % ҚҰРАДЫ

28.02.11 12:38
/KASE, 28.02.11/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC2Y07B596 субординацияланған облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ATFBb6; 100 теңге, 13,0 млрд теңге; 26.02.07 – 26.02.14, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон) 2011 жылдың 26 ақпанынан бастап 2012 жылдың 12 ақпанына дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,80 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2011 жылдың 26 ақпанына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,20 % пайызды құраған.