ВТБ БАНКІ АҚ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ 2011 ЖЫЛДЫҢ 31 ҚАҢТАРЫНДАҒЫ ШЕШІМДЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

15.02.11 13:38
/KASE, 15.02.11/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ВТБ Банкі АҚ еншілес ұйымы Биржаға ресми хат жолдап, 2011 жылдың 31 қаңтарында өз Директорлар кеңесінің мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлады. 1. Банк Директорлар Кеңесі мүшесінің міндетін атқарушы Дергунова Ольга Константиновна 31.01.2011 жылдан бастап Банк Директорлар Кеңесі Төрайымының міндетін атқарушы болып сайланды. Уәкілетті органдар келіскеннен кейін, Дергунова Ольга Константиновна Банк Директорлар Кеңесінің Төрайымы болып есептеледі. 2. Банктің Комплаенс-бақылаушы өкілеттілігі тоқтатылды. 3. Банктің есеп беру кезеңдеріндегі басқарушылық есеп берушілігі мәліметке алынды. 4. "ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Казахстан) ішкі кредиттік саясаты туралы" Ережелері бекітілді. 5. ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қазақстан) Ақтөбе қаласындағы жаңа орналасқан жері анықталды: 030020, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Әбілхайырхан даңғ, 25 үй, сондай-ақ филиал туралы қағида жаңа редакцияда бекітілді. 6. Заңды тұлғаның конверсиялық операцияларына 10 000 000 (он миллион) АҚШ доллары немесе 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге көлемінде шектелім белгіленді. Лимиттің мерзімі 12 ай, жеке операцияларға 12 ай. 7. Екі заңды тұлғамен мүддені қарастырған мәмілені жасасу туралы шешім қабылданды. 8. Сауданың дамуына ықпал ету бағдарламасының аясында шектелімді белгілеуге ЕҚДБ-мен келісім жасасу туралы шешім қабылданды. 9. Заңды тұлғаны қаржыландыруға 685 363 500 (алты жүз сексен бес миллион ү ш жүз алпыс үш мың бес жүз) теңге (баламасы 4 650 000 (төрт миллион алты жүз елу мың) АҚШ долларына тең) көлемінде шектелім белгіленді.