/KASE, 23.02.11/ – 2011 жылдың 17 наурызында Алматы қаласында "Royal
Tulip Almaty" қонақ үйінде "Қазақстан қаржы форумы" атты конференция
өтеді. Конференция ұйымдастырушысы Cbonds Ақпараттық агенттігі
(Cbonds АА, Санкт-Петербор).
Конференцияны өткізудің бас партнері "Атон" ЖШҚ (Ресей), ресми партнері
"Сентрас Секьюритис" (Қазақстан) болып табылады. Аталмыш шараға
ақпараттық қолдауды "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE), "Қазақстанның
қаржы нарығы", "Жеке қаражат", "LS" журналдары және "Капитал" газеті
көрсетеді.
Конференция аясында дағдарыстан шығу кезеңінде халықаралық және
қазақстандық қаржы нарықтарының жағдайын, сондай-ақ дамудың болжамы
мен сценарийлерін талқылау жоспарлануда.
Баяндамашылар ретінде конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан
Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі, KASE, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығы қызметін реттеу жөніндегі агенттігі қазақстандық және
ресейлік банктер және инвестициялық компаниялардың басшылары
қатысады.
Конференцияда мынадай мәселелер талқыланады деп жоспарлануда:
- Экономиканың әлемдік дағдарыстарын тағы да күтуге бола ма?
- Биржалық нарықты дамытудың перспективті нарығы: жаңа құралдар
мен эмитенттер бола ма?
- Институционалдық инвесторлар: борыштық нарыққа көзқарасы
(Дефолтты шығарылымдарды қайта құырылымдау – құтқару
бағдарламаларының талдануы).
- Қарыз алушылар мен инвесторларды қорғау жөніндегі заңнамалық
новациялар.
- Шығарылымның тиімді құрылымы – сұраныстың соңғы тенденциялары
және нарық конъюктурасы.
- МБҚ нарығы: күйіп кету қауіпі бар ма?
- Қарыздарды қайта құрылымдау тәжірибесі.
Конференция аясында дәстүрлі Investfunds AWARDS және Cbonds AWARDS
премиялармен марапаттау рәсімі өтеді, оларға жыл сайын Қазақстанның
қаржы нарығың көшбасшылары номинацияланады.
Конференцияның нақтырақ бағдарламасы
http://www.cbonds-congress.com/events/80/agenda/ сілтемесі бойынша қол
жетімді.
Конференцияға қатысу құны 500 АҚШ долларын құрайды, корпоративті
эмитенттер үшін – 450 АҚШ доллары.
Конференцияға қатысу үшін
http://cbonds-congress.com/events/80/registration/
тіркелу керек.
Қосымша ақпаратты Cbonds АА өкілдерінен алуға болады:
- демеушілік – Мадина Билялова: madina@cbonds.info,
+7 727 328 13 75
- қатысу (Ресей) – Ирина Жаринова: irina@cbonds.info,
+7 812 336-97-21 (104)
- қатысу (Қазақстан) – Құралай Кидырова: event_kz@cbonds.info,
+7 777 303 33 31