2011 ЖЫЛДЫҢ 23 АҚПАНЫНДА "ЦЕСНА-АСТЫҚ" КОНЦЕРНІ" ЖШС (КАЗАХСТАН) ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

23.02.11 11:42
/KASE, 23.02.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цесна-Астық" концерні" ЖШС (Астана), 2011 жылдың 23 ақпанында сағат 15:00 қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: 1. "Цесна-Астық" концерні" ЖШС-нің Астана қ., Алматы ауданы, Ақжол көш., 33 мекен-жайы бойынша орналасқан, 1,0703 га жері телімі бар, жалпы ауданы 14029,4 шаршы метрді құрайтын ғимараттан (кадастрлық нөмірі 21- 318-062-1083) бас тартуға келісімін беру 2. Сатып алу – сату келісім-шартына өкілеттілікті делегациялау.