KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 146,41 (-0,06), EURUSD_TOD = 1,3712

10.02.11 11:32
/KASE, 10.02.11/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және есептесуі АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 146,41 (-0,06 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 125 800 мың. USD (-61 150 мың. USD) құрады. Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 АҚШ долларымен орташа сараланған еуроның бағамы бір еуроға 1,3712 АҚШ долларын, ал сауда-саттық көлемі – 6 800 мың. еуро құрады. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.