09 АҚПАННАН БАСТАП KASE ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ СЕКТОРЫНДА "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) XS0583796973 (HSBKE5) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САУДА-САТТЫҚ АШЫЛДЫ

09.02.11 11:17
/KASE, 09.02.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2011 жылдың 09 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) XS0583796973, US46627JAB08 халықаралық облигациялары (HSBKe5; $500,0 млн; 28.01.11 – 28.01.21; жылдық 7,25 % жартыжылдық купон; 30/360) бойынша сауда-саттық ашылды . KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның атаулы құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі берешектің атаулы көрсетіліміндегі 20 600 АҚШ доллары. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 28 қаңтарынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/hsbk мекен-жайы бойынша жарияланған.