KASE ТАҢЕРТЕҢГІЛІК СЕССИЯСЫ: USDKZT_TOD = 146,47 (-0,18), EURKZT_TOD = 200,40

09.02.11 11:20
/KASE, 09.02.11/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және есептесуі АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 19 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 146,47 (-0,18 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 186 950 мың. USD (+13 600 мың. USD) құрады. Есептесуі T+0 теңгемен еуроның орташа сараланған еуроның бағамы бір еуроға 200,40 теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 400 мың. еуро құрады. Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.