KAZAKHMYS PLC КОМПАНИЯСЫ (БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІ) ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІМЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ

24.02.11 11:39
/KASE, 24.02.11/ – Жай акцияларя Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 24 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы 23 ақпан күні Қазақмыс Тобы мен Шығыс-Қазақстан облысының əкімдігі 2011 жылға арналған əлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд. 200 млн.-нан астам теңгені құрайтынболады. Меморандумның аясында Топ облыстың түрлі аудандарындағы ауруханаларды, профилакторийлер мен мектеп жасына дейінгі мекемелерді қамтитын білім беру орындары мен медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстарын өткізуге қаражат салуға ниетті. Айрықша, облыстың Бородулиха ауданындағы Жезкент поселкесінің балалар бақшасына қаржылай көмек көрсетілмек. Қазақмыс Тобы облыстың бірқатар елді мекендеріндегі жылу жəне электр желілерін қайта жаңғыртуға əрі су құбыры-канализациялық жүйелеріне капиталдық жөндеу жасауға да қаражат бөледі. Көп жылдан бері Қазақмыс əкімдіктің əлеуметтік бағдарламасын қолдап келеді. Компанияның қаржылық қолдауының арқасында стадионды қайта жаңғырту, автомобиль жолдарын жөндеу мен бірқатар мəдениет жəне білім беру нысандарының құрылысы өткізілді. «Жауапкершілікті əлеуметтік саясат жүргізу Қазақмыс қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бірінші кезекте, əлеуметтік бағдарламалар компанияның кəсіпорындары орналасқан жерлердегі халық жайлы қамқорлықты қамтиды. Сонымен қатар, біз жалпы ел ауқымындағы əлеуметтік жобаларға да қатысып отырмыз. Əкімдіктермен бірлесіп орындалатын бағдарламалар аймақтардың өздеріне тəн мұқтаждықтарын ескере отырып, соған мақсатты түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді, ол біздің əлеуметтік саясатымыздың аса тиімді түрде орындалуын қамтамасыз етеді», - деп түсініктеді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Эдуард Огай. Толық ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: Қазақмыс Тобы Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел:+44 20 7901 7882 Айрин Бэртон Қаржы талдаушысы Тел:+44 20 7901 7814 Зүлфира Мұхамедиярова БАҚ-мен байланыс жасау жөніндегі аға менеджері Teл: +77 27 2440 353 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: +44 20 7726 8400 цитата соңы