KASE ТАҢЕРТЕҢГІЛІК СЕССИЯСЫ: USDKZT_TOM = 146,16 (-0,03)

21.02.11 11:30
/KASE, 21.02.11/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және есептесуі T+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOМ) еуро бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. АҚШ-та 21 ақпан мерке күні болғандықтан (Джордж Вашингтонның туған күні), есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда-саттықтар бүгін Биржада өткізілген жоқ. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін 2011 жылыдң 21 ақпанындағы осы сессия негізгі болып табылады. Есептесуі T+1 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 146,16 (-0,03 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 33 450 мың. USD (-184 800 мың. USD) құрады. Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.