"Қазкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) "Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ еншілес компаниясының жарғылық капиталын арттырғандығы туралы хабарлады

10.02.11 11:10
/KASE, 10.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазкоммерцбанк" (Алматы) 2011 жылдың 09 ақпанындағы баспасөз –хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Еншілес компаниялардың капитализациясы бойынша жалпы концепция аясында "Қазкоммерцбанк" АҚ басымдылық сатып алушылық құқығын жүзеге асыру аясында шығарылған жай акцияларды сатып алу арқылы "Казкоммерц- Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтты. 2011 жылдың 8 ақпанында "Қазкоммерцбанк" АҚ бір (әрбір) акция үшін 1 000 мың теңге орналастыру бағасымен "Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ жаңа шығарылымдағы 139 000 жай акциясын сатып алды. Нәтижесінде компанияның жарғылық капиталы 139 млн. теңгеге ұлғайып, 1 590 000 000 теңгені құрады; "Қазкоммерцбанк" АҚ үлесі өзгеріссіз қалып, 100 % құрады. Еншілес компаниясының капиталына алынған "Қазкоммерцбанк" АҚ инвестициялары оның қаржылық тұрақтылығын және жеткілікті капиталының пруденциалдық нормативтерін есептеу ережелеріне сәйкестігін арттыру мақсатында, жоспралы тәртіпте жүзеге асырылды. "Казкоммерц-Life" ӨСК" АҚ өмірді сақтандыру саласында қызмет көрсетеді және Қаөақстанда өмірді сақтандыру нарығында көшбасшылардың үздік үштігіне енеді.