ҚҚА "AMF GROUP" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИЯЛАРЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ 01 ШІЛДЕСІНЕН 2011 ЖЫЛДЫҢ 01 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛДЫ

09.02.11 11:13
/KASE, 09.02.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Ақтөбе) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің 2011 жылдың 20 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚА "2010 жылдың 01 шілдесінен 2011 жылдың 01 қаңтарына дейінгі кезеңде "AMF Group" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2011 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша "AMF Group" АҚ 51 940 000 жай акциясы орналастырылмаған.